{metadescription}
Қызылордада жазасын өтеуші суицид жасады

Қызылордада жазасын өтеуші суицид жасады

Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Қызылорда облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде сотталушы көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша ол өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 желтоқсанда болған. Бейнебақылау камераларынан материалдар зерделеніп, басқа сотталғандармен сұхбат жүргізілген. Тексеру нәтижесінде марқұмға қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасалмағаны анықталды. Ол Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-бабы 1-бөлігіне ("адам өлтiру") сәйкес жазасын өтеп жүрген. 

Айта кетері, сотталған "суицидке бейім" деген қауіппен мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Бұған қоса, "органикалық галлюциноз" диагнозы қойылған. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды. 

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде