{metadescription}
Британиялық қыз қолтырауын шабуылынан аман қалды

Британиялық қыз қолтырауын шабуылынан аман қалды

Британияның Гемпшир графтығының 18 жастағы тұрғыны Амели Осборн-Смитке Замбезия өзенінде рафтингпен шұғылдану кезінде қолтырауын шабуылдады.

Жыртқыш Амелидің аяғынан тістеп, су астына тартып әкетпек болған. Қыз достарының көмегімен аман қалды. Рафтингті ұйымдастырған компанияның мәліметінше, мұндай жағдай бірінші рет орын алған. Қыз ауыр жарақат алып, Замбия ауруханасына жатқызылды. Оның балтыры мен оң аяғының өкшесі қатты зақымданып, жамбасы шығып кеткен. Жағдайы жақсарған уақытта бірден Ұлыбританияға жіберіледі. 

"Мұндай жағдайда адамның өмірі көз алдынан өтеді деп айтушы еді. Менде бұлай болмады. Мен жәй ғана бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін ойладым. Миым шешім іздей бастады. Менің жолым болды", - деді Амели ауруханада түсірілген видеода. 

Амелидің әкесі Брент Осборн-Смит қызының достарына алғысы шексіз екенін айтады. Олар тез әрекет етіп, қолтырауын шабуылынан құтқарып алған. Болған оқиғаға қарамастан Амели хоббиін тастамайтынын және Замбияға қайта оралатынын мәлімдеді. 

"Өмірдің аяқ асты үзіліп кететінін түсіндім. Барлығынан қорқып өмір сүрсем, мұның несі өмір болмақ? Мен бұрынғы өмірімді жалғастырамын. Бұл қорқынышты оқиға тоқтап қалуыма себеп бола алмайды", –  деді Амели Осборн-Смит. 

Bundu Rafting компаниясы мұндай жағдайдың бірінші рет екенін айтады. Амелидің емі мен Ұлыбританияға баруына қажетті шығындар медициналық сақтандыру негізінде өтеледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.