{metadescription}
16 жасар оқушы сақинасын шеше алмай қалған

16 жасар оқушы сақинасын шеше алмай қалған

Құтқарушылар 16 жастағы жасөспірімнің ісінген саусағынан сақинаны шешті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сенсек, оқиға кеше түстен кейін болған. ТЖД-ға Саран қаласының орталық ауруханасынан 2005 жылы туылған 10-сынып оқушысы сақинаны өз бетінше шеше алмай қалғаны және құтқарушылардың көмегі қажет болғаны жайлы хабар келіп түсті.

Белгілі болғандай, сақина 5 күн бұрын тағылған және алдымен оңай алынып шешілген, бірақ содан кейін бала өздігінен шеше алмаған. Сақинаны алып тастауға әртүрлі әрекеттер жасалды, тіпті болгаркамен шешуге тырысқан, салдарынан саусақ терісін жарақаттап алған.

Нәтижесінде саусақ одан да қатты ісініп кеткен. Құтқарушылар құралдарының көмегімен жасөспірімнің ісінген саусағынан сақинаны шығарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.