{metadescription}
Головкиннің командасындағы Али Ахмедов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Головкиннің командасындағы Али Ахмедов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Екінші орта салмақ боксшысы, қазақстандық Али Ахмедов (17-1, 13 КО) кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.

10 желтоқсанда Калифорния штатындағы Монтабеллода Ахмедов мексикалық Пауль Валенсуэламен (26-1, 17 КО) жұдырықтасады. Али Ахмедов 16 қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде Перу боксшысы Давид Сегарруды (34-6, 21 КО) нокаутпен жеңген еді. Кездесу үш раундқа созылған.  Ахмедов пен Валенсуэла арасындағы кездесу Қазақстан уақыты бойынша 11 желтоқсан күні таңертең болады. 

"Рингке қайта оралдым, 10 желтоқсанда кездескенше", - деп жазды ол өз Instagram парақшасына. 

Ахмедов – Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол Головкинмен бірге Биг Бэрде бірге жаттығуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде