{metadescription}
Алексей Цой Pfizer вакцинасының бағасына қатысты жағдайды түсіндірді

Алексей Цой Pfizer вакцинасының бағасына қатысты жағдайды түсіндірді

Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты нақты түсінік жоқ. Тиісті есептеулер жасалғаннан кейін, сондай-ақ нақты партия елге жеткізілгеннен соң және нақты сома бар екенін көрсек, сол кезде айта аламыз», - деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол әзірге аталған вакцинаның құны айқындалмағынын жеткізді.

«Вакцина құнын белгілеу кезінде екпені жеткізу құнын назарға аламыз. Алдағы 1-2 айда жеткізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіліп жатқанын айтты. Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде