{metadescription}
Ер адам әйелдің сөмкесінен телефон ұрлаған

Ер адам әйелдің сөмкесінен телефон ұрлаған

Ақтөбе облысының аумағында 5-11 желтоқсан аралығында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде облыс бойынша 41 қылмыс тіркелді, оның ішінде 23 қылмыс кезекші тәулікте ашылды. Сондай-ақ, бұрын жасалған 20 қылмыс ашылды. Сонымен қатар, жедел алдын алу шарасы аясында тіркелмеген атыс қаруын алып жүрудің – төрт, оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың – бір және суық қаруды (атап айтқанда,  пышақ) алып жүрудің 39 дерегі анықталды.

“Мүлдем төзбеушілік” тәртібінде 470 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 56 отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер, 172 ұсақ бұзақылық деректері, спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болудың  182 деректері тіркелді. Бұдан басқа, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 633, мас күйінде автокөлікті басқарудың 23 және қарсы бағыттағы жолға шығудың 20 дерегі анықталды.

6 желтоқсанда Орталық базар маңында орналасқан модульді полиция бекетіне бір әйел келіп, арызданды. Оның  айтуынша, Патоличев көшесінде орналасқан дәмханада сөмкесінен ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен. Патрульдік полиция жасағы бейнекамера арқылы ұялы телефонды ұрлаған ер адамды анықтады. Полиция қызметкерлері Орская көшесінде күдіктіге ұқсас ер адамды ұстады. Оны Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөліміне жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде