{metadescription}
Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды.

Ведомство сайтының хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған. «Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды. 

Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау. «Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде