{metadescription}
Енді тек вакцина алған тұрғындар ғана коронавирустан тегін емделеді

Енді тек вакцина алған тұрғындар ғана коронавирустан тегін емделеді

Германияда ақпан айынан бастап алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 500-ден асты.

Германиядағы пандемия кезіңіндегі өлім-жітімнің жалпы саны 104 047-ге жетті. Роберт Кох атындағы Вирусология институтының мәліметтеріне сәйкес, 24 сағат ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 69 601 жағдайы тіркелді.

Сингапур билігі вакцинация курсын алмаған тұрғындарға коронавирусты емдеуге ақы төлеуді тоқтатады. Денсаулық сақтау министрі Он Е Кун хабарлағанындай, коронавирус инфекциясынан сауығу қымбат емдеуді талап етеді, ал науқастардың басым бөлігі вакцина қабылдамаған адамдар. Тегін емдеу 12 жасқа дейінгі балалар мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес иммундауға жатпайтын азаматтарға ұсынылады.

Украина президенті Владимир Зеленский вакцинация үшін азаматтарға 1 мың гривен аудару туралы Заңға қол қойды. Шамамен ол 2,7 мың рубльге тең. Украина тұрғындары бұл қаражатты 19 желтоқсаннан бастап пайдалана алады. Осы ақшаға спортзалға, кинотеатрға, театрға, мұражайға, көрмеге баруға немесе Украина аумағында саяхат жасауға билет сатып алуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.