Алматыны қалың тұман басты
Алматы қаласын түнен бері қалың тұман басып тұр.
13:06 05.01.2022
Бұған дейін Қазгидромет 5 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін ескерткен болатын. Сонымен қатар, Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге күшейетіні хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖМ 5 қаңтарда Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады. Қала тұрғындары табиғат құбылысын қызықтап әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!