Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанға 30 градус аяз келеді
Қазақстанға 30 градус аяз келеді. Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.
12:22 10.01.2022
Қазгидрометтің хабарлауынша, шығатын антициклон еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етіп, -20 -25, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады.
"12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, суық ауа температурасын әкеледі, алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклон тылға ауысады, ол қайтадан солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында 30 градусқа дейін аяз тудырады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде циклон әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп 2-10 жылыға дейін көтерілуі күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram