{metadescription}
Полиция департаменті Алматыда қайтыс болғандардың санын жариялады

Полиция департаменті Алматыда қайтыс болғандардың санын жариялады

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 149 адам қайтыс болды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны 11 адам болды. Азаматтар тарапынан 149 адам қайтыс болды», - деді Қанат Таймерденов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды. Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.