{metadescription}
Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Сенат пен Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды.

Бұл жайында қос палата баспасөз қызметі мәлімет таратты. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде тапсырған болатын.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қорда жиналған қаражат сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қала, аудан, кент, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде