{metadescription}
Шығыс Қазақстанда блокпостан мефедрон алып өтпек болған курьер ұсталды

Шығыс Қазақстанда блокпостан мефедрон алып өтпек болған курьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысындағы бақылау-өткізу бекетінде психотроптық заттары бар курьер ұсталды.

Сағат 21:00 шамасында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ВАЗ-21115 автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы облыс тұрғынын Риддерге кіреберісте ұстады. Көлікте консоль астынан ішінде ұнтақ түріндегі заты бар үш zip-пакет салынған полимерлі пакет табылды.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 427,5 грамм мефедрон психотроптық заты болып шықты. Дәл сол жерден, консоль астынан, есірткіні көтерме сатушылармен байланыс орнатылған ұялы телефон табылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап мефедронның аса ірі мөлшері бір граммды құрайды.

Бұл санкцияны айтарлықтай қатаңдатып, мүлкін тәркілеумен бірге жазаны 15 жылға бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде