{metadescription}
Павлодар облысында көктайғақтан 53 жол апаты болды

Павлодар облысында көктайғақтан 53 жол апаты болды

Өңірде тасжолда болған апаттан 22 адамның зардап шеккені тіркелді.

«Ауа райының нашарлауына, яғни көктайғаққа байланысты жүргізушілердің жолда және елді мекендерде абай болуын сұраймыз», - дейді Павлодар облысының полицейлері.

Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде демалыс күндері 53 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 22 адам медициналық көмекке жүгінген, қаза тапқандар жоқ.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер алыс жолға шықпауға, жол ережесін жіті ұстануға, әсіресе жылдамдықты асырмауға және көліктер арасында қашықтықты сақтауға кеңес береді», - деді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде