{metadescription}
Қанат Бозымбаев зардап шеккен азаматтардың хал-жағдайын сұрады

Қанат Бозымбаев зардап шеккен азаматтардың хал-жағдайын сұрады

Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорған қалалық көп салалы ауруханаға барып, бүлік кезінде зардап шеккен азаматтардың денсаулық жағдайын білді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қанат Бозымбаев жараланған қарапайым азаматтармен және күштік құрылымдар өкілдерімен тілдесті. Қызметтік міндеттерін адал орындап, қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсеткендері үшін әскери мамандарға алғыс білдірді. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

«Ең бастысы - денсаулық. Сіздердің аяқтан тұрып кетулеріңізге барлық жағдайды жасаудамыз. Қажет болса басқа қалалардан тиісті мамандарды шақыртамыз. Тиісті ем шараларын толық қабылдап, тезірек сауығып шығуларыңызға тілектеспін», - деді Қанат Бозымбаев.

Талдықорған қалалық көп салалы аурухананың директоры Жұмахан Молдағұловтың айтуынша, бұл мекемеге зардап шеккен 114 адам жүгініп, оның 25-і ауруханаға жатқызылған. Қалғандарына тиісті амбулаториялық ем жасалған. Күрделі кезеңде ауруханада дәрігерлердің күшейтілген бригадасы жұмыс істеп, зардап шеккендерге жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетілді.

«Бүгінгі күні ауруханаға түскен 25 адамның 15-і жазылып шықты. Операция жасалған 10 адам оңалту ем шараларын қабылдауда. Олардың денсаулығы бірте-бірте түзеліп келеді», - деді Ж.Молдағұлов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде