{metadescription}
Елордада эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түсуде

Елордада эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түсуде

Елордада коронавирус індетінің тез таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті. С.Бейсенованың мәліметінше, соңғы тәулікте вирусқа шалдығудың 4 639 жағдайы зертханалық расталған (симптомдары бар – 3192, 1447 – симптомсыз), өсім – 2,5 пайызды құрайды.

Соңғы аптада елордада COVID-19 бойынша 31 789 жағдай тіркелді. Аурушаңдық алдыңғы аптадан 5 есе жоғары (алдыңғы апта – 4 476). Қаңтардың 16 күнінде 36 347 дерек анықталды. Бұл 2021 жылғы желтоқсанда тіркелген 2 737 жағдайдан 12 есе жоғары.

«Омикрон» коронавирусының жаңа штамы вирустың басқа мутацияларына қарағанда тезірек таралады. Сол себепті COVID-19-бен ауырып шыққандар және 2021 жылдың наурыз-қыркүйек айларында вакциналанған тұрғындар да әбден жұқтыруы мүмкін. Қала бойынша қазіргі уақытта 244 824 адам ревакцинациядан өтуі қажет (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында вакцинаның толық курсын алғандар), олардың 27 874-і немесе 11,3 пайызы қайта вакциналанған адамдар», - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде