{metadescription}
Түркістан тұрғыны қызғаныштан қалыңдығын атып өлтірді

Түркістан тұрғыны қызғаныштан қалыңдығын атып өлтірді

Түркістан тұрғыны қалыңдығын қызғаныштан атып өлтірді, деп хабарлайды Aibat жаңалықтар қызметі. 

Қайғылы оқиға 10 қаңтарда Түркістандағы Ақбастау көшесінде тіркелген. 40 жастағы Сәкен есімді азамат қазір күдікті ретінде қамауға алынған. Қалыңдығын "көзіме шөп салып жүр" деп күдіктенген азамат жанжал кезінде оны аңшы мылтығымен атып жберген. Қазір кінәсін толық мойындады.

Бұған дейін ол әйелін де өзге біреумен кездесіп жүр деп күмәнданып, пышақтап өлтірген екен. 2016 жылы түрмеге отырып, 2021 жылдың соңында босап шыққан. Енді міне тағы да адам өтіргені үшін сотталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде