{metadescription}
Шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаева елге келді

Шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаева елге келді

17 жастағы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанды және рапидте күміс алды.

Нұр-Сұлтан әуежайында көпшілік шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны күтіп алды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Бибісараны жеңісімен құттықтауға спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев барды. Ол Бибісараның жетістігіне анасының қосқан үлесін ерекше атап, алғыс білдірді.

"Шахматтан әлем чемпионатында ең жас әлем чемпионы атанып, жарқын жеңісімен қазақ елін қуантқаны үшін Бибісараға алғысымды білдіремін. Бибісараның жеңісіне анасының қосқан үлесі зор. Отандасымыздың бұл жеңісі барша шахматшыларға үлгі болып, ел спортының тарихында қалары сөзсіз ", - деді комитет төрағасы.

Бибісара да ойынға қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.

"Турнир оңайға соқпады. Үш күн рапид, екі күн блиц, бес күнге созылған жарыста соңына дейін табандылық көрсету керек болды. Мен бірінші тақтада ойнап рапидте соңғы партияны жеңіп, екінші орынды иелендім. Блицте сегізінші айналымнан бастап, көш бастадым. Ақтық кезеңге дейінгі айналымда айқын басымдылықпен бірінші орынға көтерілдім. Ел тарихында ересектер арасындағы шахматтан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алғаным үшін өте бақыттымын", - деді шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы.

Айта кетері, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева "блицте" 1-орынды жеңіп, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.

Сондай-ақ осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (рапид) 2-орын иеленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.