Яндекс.Таксиге қатысты тергеу басталды
Бас прокуратура бәсекелестікті қорғау агенттікпен бірлесіп, нарықтың 102 субъектісіне, соның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларына қатысты тексеріс бастады.
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
12:23 18.01.2022
Бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың шағымы бойынша "Яндекс.Такси" тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Айтуынша, Бас прокуратура агенттікпен бірлесіп, нарықтың 102 субъектісіне, соның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларына қатысты тексеріс бастады.
"Қосымша жедел желі бойынша алынған шағымдар аясында агенттік "Яндекс. Такси" агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу тағайындады", - деді Жұманғарин үкімет отырысында.
Сонымен қатар, хабарламаны орындамау фактісі бойынша "ЕТС-Тендер" тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!