Алматыда ереуіл кезінде 53 көлік өртенген
Алматы қалалық полиция департаменті бүлінген көлік тұрағында қанша көлік тұрғанын мәлімдеді.
14:40 18.01.2022
Полиция департаментінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 165 қызметтік көлік зақымданған, оның 53-і өртенген. Зақымдалған көліктердің ішінде 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.
Жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдан келген залалдың алдын ала қорытындысы бойынша:
– 5 фронт-офис өртенді:
- Алмалы аудандық полиция басқармасы мен полиция департаментінің ғимараттары зақымданды;
- 19 модульдік және 13 экологиялық бекет зақымданды және өртенді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!