{metadescription}
Көз жұмған сарбаздардың отбасына 7 млн теңгеден берілді

Көз жұмған сарбаздардың отбасына 7 млн теңгеден берілді

Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза тапқан сарбаздары марапатталды, олардың отбасына 7 миллион теңгеден берілді, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Талдықорған мен Қызылордада тәртіпсіздіктер кезінде Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаза болғаны айтылды.

"Президент жарлығы бойынша, қарағандылық Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері атынан қаза тапқан сарбазардың туыстарына 7 миллион теңгеден берілген.

Қаза тапқан Айбат Аманов 2003 жылы Атасу аулында дүниеге келген, ол Талдықорғандағы 5514 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. Ал Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағандыда туған және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында, Қызылордадағы 5547 әскери бөлімінде қызмет еткен.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде