Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде көз жұмған көпбалалы ананың отбасына барды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әйелдің отбасымен кездесті.
15:54 18.01.2022
Бақытжан Сағынтаев қара жамылған отбасына көңіл айтып барды. 5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған – оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.
Көлікте отырғанда басына оқ тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды. Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылы туған төрт баласымен жалғыз қалды.
Осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты 4 баласымен бірге жалдамалы пәтерге тұрған. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Бүркітбаевтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!