Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Павлодар облысында екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды.
17:35 18.01.2022
Өңірлік полиция департаментінің ақпаратынша, трагедия 18 қаңтар сағат 12.14 шамасында болды. "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 505 шақырымында, Аққулы ауданы Шабар мен Әйтей ауылдары арасында "Фольксфаген" мен "Нива" соқтығысқан.
"Салдарынан "Фольксваген" көлігінің 51 жастағы жүргізушісі мен қасында отырған 56 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды. Екінші көлікті басқарған 31 жастағы жүргізуші мен оның 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Қос автокөлік те арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді. Тексеріс жүріп жатыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!