{metadescription}
БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің өкімімен орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі өкілі аймақ басшысының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Оның өкілеттілігі мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін жұмысына байланысты тоқтатылды. Ол мемлекеттік қызметкер бола тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан.  

«Аманжол Алпысбаев БҚО әкімінің орынбасары қызметін 2019 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін атқарды. Ол өзін жауапты және тәжірибесі мол маман ретінде көрсетті. Президенттің шығыстарды оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және тағы басқа тапсырмалар бойынша өңірде ауқымды жұмыс жүргізді. Ол мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеу кезінде талдаумен және бюджет қаражатын үнемдеу және оны тиімді жұмсауға қатысты өзге де мәселелермен тікелей айналысты. Аманжол Әлиханұлына алғыс айтамыз және оған кәсіби табыс тілейміз», - деп жазылған «Мой город» порталы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.