Тағы 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
09:23 19.01.2022
Оған сәйкес, 17 қаңтар күні Қазақстан аумағында 10 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген - 2 адамнан.
Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында - бір адамнан көз жұмды. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!