Таразда 18 жастағы жігіттің пәтерінен қару табылды
Ол заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады.
09:28 19.01.2022
Тараз қаласында 18 жастағы жігіттің жалдамалы пәтерінен қару мен қорғаныс құралдары табылды. Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында қару-жарық пен оқ-дәрілерді іздестіру кезінде жалға алынған пәтерлердің бірінен ұрланған арнайы қорғаныс құралдарын тапты.
Пәтерді жалға алушы 18 жастағы жігіт аталған заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстары мен оның жаппай тәртіпсіздікке қатыстылығы тексерілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!