{metadescription}
Министрлік қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыруға үндеді

Министрлік қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыруға үндеді

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы үндеу жариялады. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады. Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (ҚК 287-бабы – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 482-бабы-25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделген.

Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Осыған байланысты министрлік азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.