{metadescription}
Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты

Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты

Қатты нөсердің салдарынан Шымкент көшелерін су басып жатыр.

Қазір Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Мамандар жаңбыр салдарынан көшелерге жинақталған суды шығару жұмыстарын үйлестіріп отыр. Бұл жұмыстарға өрт сөндіру бөлімшелерінің мобильді топтары да атсалысуда.

Гарнизон бойынша кезекшілікке жеке құрамның 146 қызметкері, 43 техника жұмылдырылды. Таңертеңгі сағат 08:30-дан бері 57 қызметкер 26 мотопомпамен жұмыс істеп жатыр. Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Абай аудандарында жаңбыр суы тартылуда. Қазіргі уақытта 6 учаскеде жұмыс аяқталды, ол жерлерден шамамен 100 текше метр су сорылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде