{metadescription}
Мәжіліс Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуінен бас тарту туралы түзетуді қабылдады

Мәжіліс Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуінен бас тарту туралы түзетуді қабылдады

ҚР Парламентінің мәжілісі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуінен бас тарту туралы заңға түзетулер қабылдады.

Бұл туралы Қанат Нұров өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының парламенттегі сөзі революциялық сипатта болды. Халық бір жеңілдеп қалды. Енді парламент пен үкімет Президенттің барлық уәдесін толық, жедел орындауы керек. Әуелі Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын алып тастау керек болды. Бұны біз бүгін атқардық. Мәжілістің бұл тарихи шешіміне депутаттар атсалысты", - деді Қанат Нұров.

Депутаттың айтуынша, "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы", "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" және "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы" конституциялық заңдарға қажет барлық түзету енді Сенатқа жіберіледі. Себебі ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету тұлғасы бойынша емес, лауазымы бойынша заңды түрде ҚР Президентіне тиесілі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.