Қазақстанда автокөлік бағасы қымбаттап барады
Елімізде автокөліктің саны азайып, бағасы қымбаттап барады.
Фото: Zakon.kz
16:15 19.01.2022
Мұндай тұжырымды finprom.kz сарапшылары жасап отыр. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы 100 автокөліктің 60-ы ескі көліктер. Интернет басылымда 2021 жылдың қазан айының соңында елде 3,8 миллион автокөлік тіркелгені жазылды.
Айта кетейік, елімізде 10 жылдан асқан автокөліктер басым, оның үлесі – 64%. 3 жылдан 7 жылға дейінгі автокөліктер саны бір жылда 12,7%-ға азайып, 508,8 мың болса, 7 жылдан 10 жылға дейінгі автокөліктер саны бірден 16,2%-ға өсіп, 304,7 мыңға жетті.
Бұған қарамастан, көліктердің құны қымбаттап жатыр. Мәселен, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда көлік бағасы 10,6%-ға қымбаттаған. Бағаның қымбаттауына жартылай өткізгіштердің тапшылығы, металдардың қымбаттауы және логистикалық дағдарыс әсер етті.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!