{metadescription}
ШҚО-да банкет пен той өткізуге тыйым салынды – жаңа Қаулы

ШҚО-да банкет пен той өткізуге тыйым салынды – жаңа Қаулы

Шығыс Қазақстан облысында банкет пен той өткізуге тыйым салынды.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, жұмыс берушілер еңбек ұжымының кемінде 70%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне жіберуі керек. Бірінші кезекте COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде коронавируспен ауырмаған қызметкерлер онлайн форматқа ауыстырылады.

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін бірқатар өзгеріс енгізілді. Салтанатты шаралар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар өткізуге тыйым салынды. Тек 30 адамға дейін ас беруге рұқсат берілген. Сондай-ақ ашық ауада марафонға шығуға, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға болмайды», - делінген құжатта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.