Батыс Қазақстанда ауыл тұрғыны қардан мешіт тұрғызды
Ауыл тұрғыны 20 күн бойы қардан мешіт тұрғызған, ол үшін үш тоннадай қар қажет болған.
12:05 20.01.2022
Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіт көшірмесін жасады. Бұл Абай даңғылында орналасқан Орал мешітінің көшірмесі. Нәдір Қуанаев Instagram-дағы парақшасында қардан тұрғызылған мешіт көшірмесінің суреті мен видеосын жариялады. Желі қолданушылары оның жұмысына тәнті болды.
Қардан жасалған мешітке шебер жарық тартуды да ұмытпапты. Қар мешіт 20 күнде бой көтерді. Ол үшін 3 тоннаға жуық қар қажет болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!