{metadescription}
Instagram-да жаңа функция пайда болды

Instagram-да жаңа функция пайда болды

Meta компаниясының құрамына кіретін Instagram әлеуметтік желісі контент үшін пайда табуға мүмкіндік беретін ақылы түрде жазылым мүмкіндігін ұсынады.

Бұл туралы әлеуметтік желі басшысы Адам Моссери мәлімдеді. Ақылы жазылымға қатысушыларға эксклюзив эфирлер мен Stories қолжетімді болады. Олар арнайы белгімен белгіленеді. Сондай-ақ, автор Instagram-дағы оқырмандарының профиль атауларының жанындағы ақылы жазылым белгісін көре алады.

Әлеуметтік желі басшысы функция АҚШ-та сынақтан өтетінін айтты. Алдағы айларда сынаққа басқа да авторлар қосылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.