{metadescription}
Шымкентте пәтерден әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

17 қаңтарда Абай ауданының Полиция басқармасына “1 мамыр” көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 28 жастағы әйелге тиесілі екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде