{metadescription}
Күйеуі әзірлеген тағамдарды жеген әйел күтпеген жерден жүкті болды

Күйеуі әзірлеген тағамдарды жеген әйел күтпеген жерден жүкті болды

TikTok қолданушысы Рэч Салливан (@rachsullivan__) қамқор күйеуі даярлаған тағамдарды жеп, қалай аяғы ауырлағанын айтып берді.

Дәрігерлер оған бедеулік диагнозын қойған. Сәби сүюді армандаған күйеуі гормондарды қалыпқа келтіру үшін қандай тағамдар жеу керек екенін зерттеген. Жеке тәжірибесімен бөлісу мақсатында Instagram парақшасын жүргізе бастаған. 

"Дәрігерлердің берген жалғыз кеңесі – бала тууды бақылау орталығына бару болды. Шипаны астан іздей бастадық", – дейді әйел. 

Айтуынша, күйеуі тоңазытқышқа күнделікті қажетті азық-түлік өнімдердің кестесін іліп қоятын болған. Ол тіпті әйелінің етеккір цикліне сай келетін ингредиенттер тізімін жасаған.

Өткен жылдың қазан айында жұп сәби күтіп жүргендерін жариялады. Енді Том гормондарды қалыпқа келтіретін тағамдардың орнына болашақ сәбиімен өлшемдес өнімдерді беріп жүр. 

"Бұл – ғаламтордағы ең пайдалы контент", "Сіздер сондай ғажапсыздар. Бір-бірлеріңізді қалай жақсы көретіндеріңіз маған ұнайды", –  деп тамсанды жұптың желідегі оқырмандары. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде