{metadescription}
Алматы облысында жасөспірімді таспен ұрып өлтірді

Алматы облысында жасөспірімді таспен ұрып өлтірді

7 қаңтарда зорлық-зомбылықпен өлген 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі, 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің ізін таба алды. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.

“Марқұм жігіт оның жақын танысы болып, қонаққа келген. Екеуі мас күйінде дүкеннен қайтып келе жатқанда жанжал шығып, марқұмның басынан таспен ұрған, содан кейін жауапкершіліктен қорыққан ол із-түссіз жоғалып кеткен”, – деді Алматы облысының полиция департаменті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде