{metadescription}
ШҚО-да бұрын сотталған ер адам полицейден кек алды

ШҚО-да бұрын сотталған ер адам полицейден кек алды

Шығыс Қазақстан облысында бұрын сотталған адам кек қайтару мақсатында учаскелік полицейдің саусағын тістеп алды.

Ер адам рақымшылыққа ілігіп, түрмеден мерзімінен бұрын босатылған болып шықты, деп хабарлады Polisia.kz. Орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның айтуынша, мас болып көшеде келе жатқанда бұрын өзін қадағалап келген учаскелік полиция қызметкерін кезіктірген. Одан кек қайтаруды ұйғарып, қызметтік көліктің әйнегін сындырып, полиция қызметкерінің саусағын тістеп алған. Ер адам істеген ісіне өкінді.

"Бостандыққа шығарда сотталушыға заттар мен аяқ киім түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген", – дейді мекеме басшысы Қуаныш Ағысбаев.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде