Соңғы тәулікте 12 адам коронавирустан көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
10:28 23.01.2022
Оған сәйкес, 21 қаңтар күні Қазақстан аумағында 12 адам коронавирустан қайтқан. Пневмониядан кісі өлімі болмаған.
Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Ақтөбе облысында - 3 адамнан.
Сондай-ақ, Ақмола облысында - 2, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмды.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!