{metadescription}
Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы" жарлыққа қол қойды.

Сонымен қатар, елде арнайы операция күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды.

Мемлекет басшысы жарлыққа 19 қаңтарда қол қойды. Сол күні елімізде Қорғаныс министрі ауысты.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда әскери барлауды күшейту керек екенін, ол ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіптер туралы уақытылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

"Маңызды міндет Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған арнайы операция күштерінің қолбасшылығына жүктеледі. Оның алдында барлық ұйымдастыру шарасын қысқа мерзімде қабылдау және басқа да күш құрылымдарымен бірлесіп арнайы операцияларды орындауға әзірлікті қамтамасыз ету міндеті тұр", - деді Ақорданың баспасөз қызметі өкілі 19 қаңтарда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде