{metadescription}
«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің саны 50%-ға қысқарады

«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің саны 50%-ға қысқарады

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітіліп, қызметкерлер саны 50%-ға қысқартылатын болды.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ сайтында жарияланды.

Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Оған сәйкес, Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін; ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды; «кеңесші» қызметтері жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 қаңтарындағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А.К.Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Б.А.Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж.Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде