Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды
Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды.
Фото: polisia.kz
19:15 24.01.2022
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қару-жарақ сақталған құпия орын «Шаңырақ» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астынан табылды. Белгілі болғанындай ол жерде тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.
«Атап айтқанда, тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық табылды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291 бабы 1 бөлігімен тіркелді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Спикердің айтуынша, ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы 27, 35, 39-да.
Дереккөз: polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!