{metadescription}
Шымкентте мембағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп жұртты алдаған ер адам ұсталды

Шымкентте мембағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп жұртты алдаған ер адам ұсталды

Шымкентте пәтер алып беремін деп жұртты алдаған ер адам ұсталды.

Сайт мәліметінше, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, ер адам мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға көмектесемін деп сендіріп, 200 мың теңгесін алған.

"Алайда ер адам уәдесін орындамай, телефонға жауап бермей, "ізін суытқан". Тәртіп сақшылары деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("Алаяқтық") бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Еңбекші АПБ криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шымкенттік полицейлер ер адам бұдан өзге алты тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Яғни, оларды да үй алып беремін деп сендірген. Жәбірленуші тұрғындар ақшасын қайтарып алу мақсатында полиция көмегіне жүгінген. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде