Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөнді
Алматы тұрғындары электр энергиясын өшкені туралы шағым айта бастады.
12:52 25.01.2022
Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады. Алматы қаласында жарық жартылай өшіп қалды. Мысалы, "Қазақфильм", "Ақсай" шағынаудандарында және Жандосов көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысындағы үйлерде жарық өшпеген.
Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.
Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары да жарық өшкенін айтты.
Алматы әкімдігі өкілі жағдайдың себебін анықталып жатқанын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!