{metadescription}
Министр Ғиният карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты

Министр Ғиният карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты

Вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастардың 7 тәуліктен кейін тапсырған ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетсе, әрі қарай карантинде отырмайды.

Денсаулық сақтау министрлігі  "омикрон" штамының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескеріп, карантин мен Ashyq-тағы статустың өзгеру мерзімін қайта қарады.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.

"Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз 10-шы күні аяқталады", - деп түсіндірді Ғиният үкімет отырысында.

Айтуынша, бұл өлшемшарттар бас мемлекеттік санитар дәрігердің шектеу шаралары, жұмыс ережелері мен Ashyq-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде