Қызылорда қаласында электр энергиясын беру шектелді
Қызылорда қаласының бірқатар аумағында ақаулыққа байланысты электр энергиясын беру уақытша шектелді.
14:04 25.01.2022
Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігі мәлім етті. Электр жарығын уақытша өшіру KEGOK АҚ мекемесінің меншігіндегі 220кВ әуе желісінің бойында ақау туындауына байланысты қабылданып отыр. Шектеу бүгін жергілікті уақытпен 11.00-де басталды.
«Осыған байланысты қала орталығы, Тасбөгет, Белкөл кенттері және Ақсуат ауылдық округінде электр жарығы уақытша өшірілді. Осыған орай ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!