{metadescription}
Қарағанды ​​облысында қызметкерлер зейнетақы мен мүгедектердің жәрдемақысын жымқырған

Қарағанды ​​облысында қызметкерлер зейнетақы мен мүгедектердің жәрдемақысын жымқырған

Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектердің және 60 зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасы анықталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Қылыстық жүйені Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазпошта» филиалының қатысуымен 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздеріне иелеген.

«18 қаңтарда пәтерлердің бірінде қылмыскерлер ұрланған 1,3 миллион теңгені өз араларында бөлісіп жатқан кезде қолға түсті. Бұл ақша биылғы қаңтарға 25 зейнеткер мен мүгедекке әлеуметтік төлемге бөлінген», - делінген хабарламада.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде