Тоқаев Орталық Азия мен Қытай министрліктерінің консультациялық қызметін құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытуға қатысты пікірлер айтылды.
17:03 25.01.2022
Кейінгі 30 жылда Қытай мен Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда көлемі 100 есе өскенін алға тартқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде «Орталық Азия+Қытай» министрліктер консультациясы» тетігін іске қосу керектігін атады.
«Қазақстан Қытайға экспорттайтын 135 түрлі тауардың жеткізілім көлемін өсіруге әлеуетті. Оның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік экспортының көлемін 1 млрд доллардан арттыруға болады. Осыған байланысты бірлескен жолдарды пысықтау үшін өзара сауда және көлік байланысы бойынша «Орталық Азия+Қытай» министрліктер консультациясы» тетігін іске қосуды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!