{metadescription}
Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінен мәлім етті.

«Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр. Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады», - делінген ведомство ақпаратында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.