{metadescription}
Арендалық үйдің ақысы өтеледі – үкімет қаулы қабылдады

Арендалық үйдің ақысы өтеледі – үкімет қаулы қабылдады

Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.

Үкімет тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкіметі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады", - делінген ресми хабарламада. 

Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады. Айта кетері, 2020 жылғы жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев арендалық төлемді субсидиялау тетігін енгізуді тапсырған болатын. Онымен әкімдіктің баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам қамтылады деп жоспарланған.

Сол кездегі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңа бастаманы іске асыру жобасын да таныстырды. Оған сәйкес, арендалық төлемнің 70-80 проценті бюджет есебінен өтеледі, деп жазады sputnik.

Жалға алынатын баспанаға қатысты талап та болады деген. Атап айтқанда, арендалық үйдің ауданы 40-80 шаршы метр болуы шарт. Ал отбасының табысы әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.