Питер Гриффитс Қазақстанның авиация әкімшілігі басшысы қызметінен кетті
Питер Гриффитс "Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ бас директоры қызметінен кетті.
11:13 26.01.2022
Ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті растады.
"2021 жылғы 7 желтоқсанда берілген өтінішке сәйкес, оның жеке өтініші бойынша 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің "Қазақстан авиация әкімшілігі" АҚ бас директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
Питер Гриффитс Қазақстанның Авиация әкімшілігі құрылғаннан бері 2 жылдан аса уақыт жұмыс істеп, авиация реттеушісінің дамуына үлкен үлес қосты", - делінген хабарламада.
2022 жылдың 7 ақпанынан бастап бас директордың міндетін директордың бірінші орынбасары, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ұшу қауіпсіздігі басқармасының басшысы қызметін атқарған Линда Орледи атқаратыны айтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!